22.11.2021, 05:31

Блогер Шыңжаңдағы қайта тәрбиелеу лагерьлерін жасырын түсірген

Фото: ашық дереккөз
Гуань Гуань лақап аты бар қытайлық блогер Шыңжаңдағы құпия қайта тәрбиелеу лагерьлері туралы 19 минуттық бейнежазба жариялады.

Гуань Гуань лақап аты бар қытайлық блогер Шыңжаңдағы құпия қайта тәрбиелеу лагерьлері туралы 19 минуттық бейнежазба жариялады. Ол лагерьге саяхатшы ретінде кіріп, ондағы жағдайды жасырын түрде бейнекамерасына түсірді.

Daily Mail хабарлағандай, блогер Шыңжаңдағы сегіз қалаға барып, онда 18 лагерьді – оның ішінде Дабанчэн ауданындағы бір үлкен орталықты аралайды. Орталық ішіндегі қабырғаларда «еңбек арқылы реформа» деген ұрандар ілініп тұрды. Оның айтуынша, бұл лагерь 10 000 тұтқынға арналған және биіктігі сегіз метр, жалпы аумағы 1 гектар.

Блогердің айтуынша, әр мекеме тікенді сым, күзет мұнаралары, полиция бекеттері, әскери казармалар және әскери машиналармен қоршалған.

— Ғимаратта әйнек терезелері бар самалдық тұр. Бұл камераларынан шығуға рұқсат етілген тұтқындарға тек ғимарат ішінде серуендеу үшін жасалған, — дейді Гуань видеода.

Блогер өзі түсірген лагерьлердің көпшілігі картада мүлдем жоқ екенін мәлімдеді.

Гуань Гуань бірнеше жыл бұрын Шыңжаңда велосипедпен саяхаттағанын. Блогер шетелдік журналистердің Шыңжаңда болып жатқан оқиғаларды тергеуге жол бермейтінін білгеннен кейін қайтадан аймаққа баруға шешім қабылдады.

Сондай-ақ, ол қазіргі жағдайды Buzzfeed веб-сайтында жарияланған 2017 жылдан бастап салынған 268 қайта тәрбиелеу лагерьлерінің спутниктік суреттерімен салыстырып, анықтау үшін барды.

— Сайтта жарияланған жалғыз фотосурет – спутниктік карталардың суреттері. Белгіленген нақты ғимараттар қай жерде орналасқан? Олар шынайы өмірде қалай көрінеді? Олардың қоршаған ортасы қандай? Осы сұрақтарды ескере отырып, мен тағы да Шыңжаңға бардым, – деп түсіндірді Гуань.

Шыңжаңда жүрген кезінде блогер саяхатшы сияқты көрінуге тырысты. Бірақ ол күдік тудыруы мүмкін екенін түсініп, жолдорбасындағы жасырын камераға түсіруге мәжбүр болды. Ол режимдік мекемелерді қасынан жаяу немесе көлікпен жүріп камераға түсірген. Сондай-ақ, мұнаралардан алыс орналасқан жерлердегі лагерь аумағына кіре алған.

Daily Mail басылымы атап өткендей, бейне 2020 жылы түсірілген деп болжануда. Бейнедегі ақпаратты растығын тексеруге мүмкіндік болмаса да, геокеңістіктік талдау сарапшылары журналистерге лагерьлердің орналасқан жері мен суреттері карталар мен спутниктерден алынған барлық қолжетімді мәліметтерге сәйкес келетіндігін растады.

БҰҰ есептері мен журналистердің мәліметтері бойынша, Шыңжаңда этникалық және діни азшылық қоғам өкілдері – ұйғырлар, қазақтар мен қырғыздарға арналған қайта тәрбиелеу лагерьлері желісі бар. Қытай лагерьлердің барын жоққа шығарып, оларды кәсіптік оқыту орталықтары деп атайды. Мұнда 7,7 миллионға жуық адам – негізінен ұйғырлар, сондай-ақ қазақтар мен қырғыздар, басқа да этникалық топ өкілдері өткені белгілі. Лагерьлер ел үшін арзан жұмыс күші орталығына айналған.