$ 443.85  474.3  4.8

Елордада 3 көлік соқтығысты

Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Киа» мен «Мерседес» көлігінің жүргізушілері ауруханаға түрлі дене жарақатымен жеткізілді.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Елордада үш көлік жол апатына түсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Ведомство мәліметінше, түнгі сағат шамамен 23:35-те «Мерседес» көлігін тізгіндеген 20 жастағы жүргізуші Момышұлы даңғылымен Жұмабаев көшесіне қарай келе жатып, рульге ие бола алмай қалған. Соның салдарынан жол қозғалысының қарсы бетіне шығып кетіп, «Киа» мен «Лада» көліктеріне соғылған. 

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан «Киа» мен «Мерседес» көлігінің жүргізушілері ауруханаға түрлі дене жарақатымен жеткізілді. Дәрігерлер «Мерседес» көлігінің жүргізушісін қарағаннан кейін үйіне жіберді. Аталған факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті жүргізушілерге жол жүрісі ережесін қатаң сақтау қажеттігін, жолдарға барынша сақ болу керектігін ескертеді», - делінген департамент таратқан ақпаратта.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары