$ 494.87  520.65  4.91

Семей тұрғыны 320 адамның атына несие рәсімдеген

Күдікті жоғалған құжаттар арқылы шағын несиеге өтініш берген.
Фото: ашық дерекөз
Фото: ашық дерекөз

Семей тұрғыны 320 қазақстандыққа шағын несие рәсімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ІІМ мәліметінше, ер адам әлеуметтік желі арқылы құжаттардың жоғалғаны туралы хабарламалар тауып, сол құжаттар бойынша шағын несиелерге өтінім берген. Оны Атырау облысының полиция қызметкерлері ұстады.

«Бұл ретте азаматтар несиелердің мерзімін өткізіп алғаны туралы хабарлама алғанға дейін қарызы бары туралы білмеген. Осы арқылы 320 адамға 10 миллион теңгеден астам залал келтірілгені анықталд», - деп хабарлады ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары