22.11.2021, 13:00

Нұр-Сұлтанда бастауыш сынып оқушылары қашықтан оқуға көшірілді

Фото: ашық дерекөз
Мұндай шешім ауа-райының қолайсыздығына байланысты қабылданған.

Нұр-Сұлтанда екінші ауысымдағы 0-4 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауысты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Нұр-Сұлтан қаласының Білім басқармасы 22.11.2021 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-4 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтан оқыту форматына ауысатынын хабарлайды", - делінген хабарлдамада.

Бұған дейін синоптиктердің 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланған еді. Қазақстанда солтүстік-батыс циклоны мен оның фронтал бөлімдері әсері сақталады. Сондықтан ауа райы тұрақсыз болып, жауын-шашын (көбінесе қар түрінде) жауады, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде қар күтіледі.