$ 494.87  520.65  4.91

Ресейлік әскери сарапшы: Сәуле Омарова – Ресей арнайы барлау қызметінің адамы

Біз қазірдің өзінде АҚШ-тың жүрегіне еніп алдық!
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

«Россия 1» арнасының эфирінде Сәуле Омарованы жергілікті сарапшылар мен саясаттанушылар мақтап, «Американы басып алуға батыл қадам жасаған біздің кеңестік қызымыз» деп атады.

– Сенатор жолдас Омаровадан жауап алды. Сәуле комсомолдан кеткен жоқ. Жанының түбінде ол әлі де КСРО-да кеңестік дәстүр бойынша өскен кеңестік адам. Білімі үздік болып, Мәскеу мемлекеттік университетінде оқыған. Біз қазірдің өзінде АҚШ-тың жүрегіне еніп алдық! – деп мәлімдеді «Национальная оборона» журналының бас редакторы Игорь Коротченко.

Кейінірек ол Омарованың американдық қаржы жүйесіне терең енуі – ресейлік арнайы барлау қызметінің үлкен жетістігі екенін айтты.

– Біздің барлау керемет жұмыс істейді. Біз білмейміз, мүмкін біздің комсомолды алға тартып отырған АҚШ президенті «жолдас Байден?» емес пе, – деді Ресей Федерациясында өзін жетекші әскери сарапшысы деп санайтын Коротченко.

Жүргізуші Ольга Скабеева американдық сенаторлар Сауледен жауап алуға жеткілікті дайын емес екенін және онда «қабілетсіз адамдар» жұмыс істейтінін айтты.

Еске салсақ, 18 қараша күні АҚШ Сенатында президент Джо Байден ұсынған америкалық банк реттеушісінің жоғары лауазымына үміткер, этникалық қазақ Сәуле Омарова сөз сөйледі. Омарова өткен өмірін ақтап, тіпті коммунист еместігін де жариялауға мәжбүр болды.

Омарованың кандидатурасын тыңдау кезінде АҚШ-тағы басым екі партияның – республикашылдар мен демократтардың өкілдері бір-бірімен ауызша «шайқаса» кетті.

Сәуле Омарова отбасы мүшелерінің бірін Иосиф Сталин басқаратын коммунистік партия өлтіргенін, ал әжесі екі рет өлімнен аман қалғанын айтты. Кеңестік тоталитаризм кезінде партияға кіру міндетті болды.

Үміткер тарихты есте сақтайтынын және американдық екенін мақтан тұтатынын, мемлекеттік қызметке дайын екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары