COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 22 қарашадағы эпидемиологиялық жағдайды баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұған дейінгі тәуліктерде ауру жұқтырғандар саны мыңнан аз болған еді.
Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 769 адам тіркелді. Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 965 518-ге жетті.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында - 108, Алматы қаласында - 119, Шымкент қаласында – 14, Ақмола облысында - 66, Ақтөбе облысында - 10, Алматы облысында - 22, Атырау облысында - 5, Шығыс Қазақстан облысында - 26, Жамбыл облысында - 3, Батыс Қазақстан облысында -5, Қарағанды облысында - 110, Қостанай облысында - 72, Қызылорда облысында - 5, Маңғыстау облысында - 2, Павлодар облысында - 100, Солтүстік Қазақстан облысында - 99, Түркістан облысында - 3.
Сонымен қатар, Қазақстанда 1 482 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты: Нұр-Сұлтан қаласында - 100, Алматы қаласында - 158, Шымкент қаласында - 40, Ақмола облысында - 76, Ақтөбе облысында - 26, Алматы облысында - 55, Атырау облысында - 7, Шығыс Қазақстан облысында - 56, Жамбыл облысында - 12, Батыс Қазақстан облысында - 149, Қарағанды облысында - 157, Қостанай облысында - 251, Қызылорда облысында - 21, Маңғыстау облысында - 0, Павлодар облысында - 294, Солтүстік Қазақстан облысында - 67, Түркістан облысында - 13. Елімізде барлығы 927 618 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.
2021 жылғы 23 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 650 815 адам, 2-компонентін 7 969 940 адам салдырды.