$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада пара алды деген күдікпен полиция қызметкері ұсталды

Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.​

Қызылордада пара алу күдігімен Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкері ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Осыған байланысты облыстық полиция департаменті түсінік берді.

Ведомство мәліметінше, Қызылорда облысының полиция департаменті​ өз қызметкерлері қатарында сыбайлас жемқорлықты жою бойынша қатаң шаралар қабылдап жатыр.

Осы бағытта департамент басшылығымен жеке құрам арасында төтенше жағдайларға жол бермеу мақсатында тұрақты негізде тексеру жүргізілуде.

«Департаментттің өзіндік қауіпсіздік​ басқармасы арнайы шара​ аясында 23 қараша күні заңсыз әрекеті үшін Қызылорда қалалық полиция басқармасының қызметкерін ​ұстады. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің ​ 366-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. ​Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жария етілмейді», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспсөз қызметінен.

Қазіргі таңда қызметтік тергеу басталған. Мұндай заңбұзушылыққа қасақана барғандар қатаң жазаға тартылады.​«Осы қызметке тағайындалған күннен бастап департамент және өзге де құзырлы органдармен бірлесіп аталған бағытта тиісті іс-шараларды қолға алдық. Бұл мақсатта алдағы уақытта да күрес жүргізіледі. Полицей беделіне нұқсан келтіретін қызметкерлерге қатарымызда орын жоқ. Жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шаралары жалғасады» - деді Қызылорда облысы полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан. ​

Еске салсақ, бұдан бұрын Қызылордада қасақана көлік өртенгендер қолға түскенін хабарлаған едік.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары