$ 494.87  520.65  4.91

«Мемлекет ғылым мен жас ғалымдарға қолдау көрсетіп келеді» - Мәулен Әшімбаев

Дамыған технологиялар қоғамның қарапайым еңбекке деген сұранысын азайта береді. Сондықтан ой еңбегін, шығармашылық көзқарасты талап ететін саланы дамытуға баса мән берген жөн.

Бұл туралы Парламент Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев «Тәуелсіздік ұрпақтары» республикалық жастар форумында айтты,  деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Біздің жастарымыз отаншыл, патриот азаматтар. Сонымен қатар жастардың өз ісінің шебері болуы да аса маңызды. Пандемия ғылымның қаншалықты қажет екенін көрсетті. Бұрын-соңды болмаған вакциналар жедел жылдамдықпен әзірленді. Жастарымыз ғылымға ұмтылуы керек. Мемлекет ғылым мен жас ғалымдарға қолдау көрсетіп келеді. Ғылым жолы-болашақтың жолы. Жетістікке жетудің кілті білімде жатыр. Ешқашан білдім, толдым деп токмейілсуге болмайды. Әрқашан білім мен ғылымға ұмтылып отыру керек", - деді ол.

Әшімбаев толеранттылық та маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

"Сананың ашықтығы мен әлеуметтік икемділік, ортамен тіл табысу, толеранттылық өте үлкен маңызға ие. Бұл қасиеттерді бала кезден сіңіру керек. Осы орайда орта білім бағдарламаларын жетілдірген жөн. Дамыған технологиялар қоғамның қарапайым еңбекке деген сұранысын азайта береді. Сондықтан ой еңбегін, шығармашылық көзқарасты талап ететін саланы дамытуға баса мән берген жөн", - деді Мәулен Әшімбаев.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары