24.11.2021, 15:40

Оңтүстікте минус 13°C-қа дейін аяз: Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы

Фото: stan.kz
Жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендей бастайды.

25-27 қарашадағы ауа райы болжамы жарияланды. 

Еліміз аумағында күзгі құбылмалылық сақталса да, қыстың келгені сезіледі.

Алдағы күндері де кейбір атмосфералық процестер тез алмасады: жауын-шашын тоқтап, ауа температурасы күрт төмендей бастайды.

Қыстың жақындауын Қазақстанның оңтүстік өңірлері де сезінетін болады: онда термометр бағандары түнде 8-13 аязға дейін төмендейді. 

Дереккөз: Stan.kz