25.11.2021, 09:20

Қазақстанда кейінгі тәулікте 946 адамнан COVID-19 анықталды

Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 967 369-ға жетті.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2021 жылғы 24 қарашадағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 946 адам тіркелді. Елде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 967 369-ға жетті.

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласында - 128, Алматы қаласында - 119, Шымкент қаласында - 11, Ақмола облысында - 63, Ақтөбе облысында - 14, Алматы облысында - 47, Атырау облысында - 17, Шығыс Қазақстан облысында - 53, Жамбыл облысында - 9, Батыс Қазақстан облысында -25, Қарағанды облысында - 107, Қостанай облысында - 101, Қызылорда облысында - 5, Маңғыстау облысында - 6, Павлодар облысында - 105, Солтүстік Қазақстан облысында - 124, Түркістан облысында - 12.

Қазақстанда 1 392 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты:

Нұр-Сұлтан қаласында - 118, Алматы қаласында - 212, Шымкент қаласында - 30, Ақмола облысында - 87, Ақтөбе облысында - 9, Алматы облысында - 95, Атырау облысында - 8, Шығыс Қазақстан облысында - 44, Жамбыл облысында - 11, Батыс Қазақстан облысында - 138, Қарағанды облысында - 151, Қостанай облысында - 302, Қызылорда облысында - 18, Маңғыстау облысында - 1, Павлодар облысында - 59, Солтүстік Қазақстан облысында - 97, Түркістан облысында - 12.

Елімізде барлығы 930 512 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.

2021 жылғы 25 қарашада Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 8 677 674 адам, 2-компонентін 8 008 545 адам салдырды.