Нұр-Сұлтанда қалың қар жаууына байланысты әуежай уақытша жабылып, рейстер кешігеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Түнгі сағат 2:30-дан бастап жауған қалың қарға байланысты елорда әуежайы уақытша жабылды. Әужайдың ұшу-қону жолағын тазарту жұмыстары жүргізіледі. Ауа райының қолайсыздығына байланысты 12 рейс ұшуға, 9 рейс келуге (қосымша аэродромға жіберілген) кейінге қалдырылды. Нұр-Сұлтан әуежайының ұшу-қону жолағы сағат 9:00-де ашылады. Жолаушылардан әуекомпанияның ақпарат қызметтеріне хабарласуын сұраймыз", - делінген Нұрсұлтан Назарбаев әуежайның баспасөз қызметі хабарламасында.
Кешіктірілген рейстер:
KC956, Алматы FZ 1706, Дубай КС 921 Франкфурт КС 407 Шымкент DV 741 Ақтау КС 207 Дубай КС 981 Атырау КС 622 Алматы КС 7315 Қызылорда SU 1957 Москва КС 123 Ташкент КС 977 Ақтөбе.
Кешіктірілген ұшып келу рейстері:
IQ 386 Қарағанды DV 722 Ақтөбе КС 984 Атырау КС 7328 Шымкент КС 314 Ақтау КС 138 Санкт Петербург FZ 1705 Дубай SU 1956 Москва КС 918 Алматы