$ 443.35  475.54  4.82

Нұр-Сұлтан полициясы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерге үндеу жасады

Полиция жүргізушілерге өз бағдарын алдын ала жоспарлауға, қала сыртына шықпауға кеңес берді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Елордалық полиция ауа райының қолайсыздығына байланысты автокөлік иелері мен жаяу жүргіншілерге жолда барынша мұқият болуды ескертті, деп хабарлайды sputnik.kz.

Астанада түні бойы қар жауды. Салдарынан жолдарды қалың қар басып, көлік қатынасы қиындады. Қалалық полиция департаментінің ақпаратынша, қазір арнайы техника көшелерді қардан тазалап жүр. Олар тәулік бойы жұмыс істейді.

"Жүргізушілерді мұқият болуға және көліктерін жол бойына қоймауға, қоғамдық көліктің қозғалысына және қар тазалаушы техниканың жұмысына кедергі келтірмеуге шақырамыз. Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық  режимі мен қауіпсіз ара қашықтықты қатаң сақтаңыздар",- делінген хабарламада.

Полиция көктайғақ пен бұрқасын жолдағы адамдарға қауіп төндіретінін атап өтіп, жүргізушілерге өз бағдарын алдын ала жоспарлауға, қала сыртына шықпауға кеңес берді.

Жаяу жүргіншілерге де барынша сақ болу керектігін ескертті. Жолды кесіп өтерде телефонға телмірмей, құлаққапты шешіп, көлік жүріп келе жатпағанына көз жеткізген абзал.

Елорда полицейлері тұрғын үйлерге қызмет көрсететін компаниялар да ауладағы қарды уақытында тазалауы қажет екенін мәлімдеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары