25.11.2021, 11:40

«Толассыз жауған қар қашан тоқтайды?» - Қазгидромет жауабы

Фото: ашық дерекөз
Қазгидромет толассыз жауып тұрған қардың қашан тоқтайынына болжам жасады.

Елордада тәулік ішінде жауын-шашынның бір айлық нормасы түсті. Бұл туралы Қазгидромет  хабарлайды.

«Елордада қарашаның 24 бастап жауған қар толассыз әлі жауып тұр. Осы аралықта 25 мм жауын-шашын түсті. Қардың биіктігі 28 см құрады. Жалпы елордада қараша айында жауын-шашын нормасы — 28 мм мөлшерін қамтыды. Солайша, бір күнде еліміздің бас қаласына айлық жауын-шашын түсті — қардың жаууы, әлі де жалғасатын болады. Гидрометорталықтың болжамы бойынша жауын-шашын сағат 16.00-де тоқтайды», - делінген хабарламада. 

Жалпы, 1- 25 қараша аралығында елордаға 45.1 мм жауын-шашын түсті. Бұл норманың екі есе асып кетуін көрсетеді