$ 495.2  522.34  4.94

«Баланы өмірге әкелген соң өлтіруге құқыларың жоқ, болмаса дүниеге әкелмеңдер» - Айгүл Орынбек

Айгүл Орынбек елімізде балалардың құқығынан гөрі ит-мысықтардың құқығы көп қорғалады деп налыды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Айгүл Орынбек тоғызыншы қабаттан секірген үш баланың тағдырын баяндай келе, елдегі бала құқығы жайлы айтты. Баланың өмірін құртуға ешкімнің қақысы жоқ дейді қоғам белсендісі. Ал елімізде олардың құқығын ешкім қорғамайды деп наразы.

Заңгер қоғамды дүр сілкіндірген ана мен бала өліміне қатысты жазба жариялады. Ол ана мен баланың құқығы жайлы айтты. Баланың өмірін құртуға ата-анасының да құқығы жоқ дейді ол.

“Баланың өмір сүруге құқығы бар! Баланы өмірге әкелесіңдер ме, өлтіруге құқыларың жоқ! Баланы ойланып дүниеге әкелетін уақыт келді, бағып-қаға алмайсыңдар ма? Баланы дүниеге әкелмеңдер! Бұл жемқорлық жайлаған үкіметке сенбеңдер! Сенің балаңа тамақ берсе, өздері аш қалады! Сол үшін үкіметке сенбеңдер бала жасар кезде! Одан да біздің үкімет миллиондаған қаржыға спектакль, наурыз той, думан фест, қыртымбай-шыртымбай өткізгенді дұрыс көреді! Тоғызыншы этаждан ана мен бала шарасыздықтан, тығырықтан шыға алмай өздерін тастап жатыр!” – деп жазды қоғам белсендісі.

Айгүл Орынбек елімізде балалардың құқығынан гөрі ит-мысықтардың құқығы көп қорғалады деп налыды. Ал тоғызыншы қабаттан секірген ана мен балалар шарасыздықтан осындай қадам жасады деп кейіді.

“БҰҰ-ға ит-мысықтардың құқығын қорғағау үшін кірдік пе? Қайда біздің миллиардтап қаржы бөлініп жатқан кризистік орталықтар? Ана мен бала үшін деп айқайлап өткізіліп жатқан форумдардың нәтижесі қайда? Осы ма нәтижесі? Тоғызыншы этаждан есі кіріп қалған алты жасар қыз құлап келе жатқанда не ойлады екен деп түнімен ойлап ұйықтай алмай шықтым! Біздің елде биыл балалардан гөрі ит пен мысықтардың құқығы жақсы қорғалады! Біздің үкімет ақшаны жейтін реформаны тез жасайды, ақша жей алмайтын реформалар жылдан-жылға қала береді емес пе?”, – дейді заңгер.

Айта кетейік, жантүршіктірерлік оқиға 22 қараша күні Жетісу-1 ықшам ауданындағы көп қабатты үйлердің бірінде орын алған. 28 жастағы әйел мен оның 6 және 5 жасар қызы, 2 жасар ұлы жантәсілім етті.

stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары