$ 494.87  520.65  4.91

Алматы тұрғыны мектептен қайтып келе жатқан оқушы қызды тонаған

28 жастағы күдікті қыздың телефонын тартып алған.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

Алматыда жасөспірім қызды тонап кеткен ер адам ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, кәмелетке толмаған қыздың анасы полицияға арыз түсірген. 

Оның айтуынша, қызы мектептен келе жатқанда белгісіз біреу оның қолынан IРhone ұялы телефонын тартып алған. Полиция қызметкерлерінің жедел әрекеті нәтижесінде күдікті қамауға алынды. 

«Полицияға жеткізілген 28 жастағы күдікті кінәсін мойындады. Айғақты зат ретінде телефон тәркіленді және иесіне қайтарылды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов. 

Қазір күдіктінің осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары