26.11.2021, 19:20

Қарағанды тұрғыны қайтыс болған ағасының атынан 5 млн теңгеге жуық жәрдемақы алған

Фото: ашық дереккөз
Інісі жасаған әрекеті үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Е. Қасенов ағасы М. Қасенов қайтыс болған соң, "Азаматтарға арналған үкімет" ақпараттық жүйесіне қайтыс болу актісін әкелмеген. Соның арқасында заңсыз түрде 4,7 млн теңге көлемінде жәрдемақы алған", – деп хабарланды қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметінен. 

Марқұм Қасенов 2-топ мүгедегі болғандықтан, мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алып келген. Ал оның інісі жасаған әрекеті үшін 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды.