Ауғанстан үкіметі басшысының міндетін атқарушы Мохаммад Хасан Ахунд халықаралық қайырымдылық ұйымдарынан көмек көрсетуді сұрап отыр. Сондай-ақ АҚШ тарапынан бұғатталған 10 миллиард доллар қаражатты да шығарып беруді өтінген. Мұндай қадамға елдегі қиындықтар мен аштық салдары себеп болып отыр, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Deutsche Welle ақпарат агенттігінің мәліметінше, "Талибан" қозғалысының өкілі Мохаммад Хасан Ахунд елдегі ашаршылық мәселесін жылдам шешпесе, халықтың жағдайы тым нашарлап кететінін айтқан.
Біз барлық халықаралық қайырымдылық ұйымдарынан, қорлардан көмек сұраймыз. Елдің жағдайы мүшкіл. Қолдау көрсетуден бас тартпаңыздаршы, - дейді Хасан Ахунд.
Сондай-ақ Қозғалыс өкілі өкілі тамыз айындағы билікке талас кезінде бұғатталған 10 мллиардқа жуық ауғаныстан қорының қол жетімділігіне жол ашуды сұрап отыр.
Бүгінде қаржылық қиындық, ашаршылық пен жұмыссыздық мемлекеттің жағдайына кері әсер етіп отыр.
"Талибан" қозғалысы— Қазақстан Республикасы аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.