$ 494.87  520.65  4.91

Головкин Канелоның жекпе-жектен қашып жүргенін мәлімдеді

Бұған дейін Головкин мен Канело екі рет кездескен.

Орта салмақтағы IBF және IBO бойынша әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин өзінің бұрынғы қарсыласы мексикалық Сауль Канело Альварестің салмақ дәрежелерін үнемі өзгертіп отырғанына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап. 

Головкин дәл осындай жолмен Канелоның үшінші жекпе-жектен қашқақтайтынын жоққа шығармады. Жақында мексикалық екінші орта салмақтағы абсолютті чемпион атанды, сонымен қатар, ол жеңіл салмақтағы атақты жеңіп алды, енді ауыр дивизионға көтерілуді жоспарлады.

"Салмақ дәрежелерін ауыстырудың басты себебі осы дегім келмейді. Бірақ бұл дәлел негізсіз болмауы мүмкін. Жасыратыны жоқ, DAZN-нің алдында белгілі бір міндеттемелері болғанына қарамастан, ол басқа жолмен жүрді, үшінші жекпе-жекті өткізгісі келмеді. Мұның бәрі, қашқысы келетінін көрсетуі мүмкін", - деп келтірді El Paso Times басылымы Головкиннің сөзін.

Еске салайық, Головкин мен Канело екі рет кездесті. Біріншісі 2017 жылдың қыркүйегінде даулы түрде тең нәтижемен аяқталды, ал бір жылдан кейін төрешілер көпшілік шешімімен жеңісті мексикалыққа берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары