30.11.2021, 17:00

2022 жылға арналған діни мерекелер кестесі

Фото: stan.kz
Рамазан айы 3 сәуір басталып, 2 мамыр аяқталады.

Қазақстан Мұсылмандар діни басқармасы 2022 жылғы діни мерекелер кестесін жариялады. 

Оған сәйкес, Рамазан айы 3 сәуір басталып, 2 мамыр аяқталады. 

Сәуірдің 28-нен 29-на қараған түн – Қадір түні. 

Арапа әрдайым зүл хижжа айының тоғызыншы тәулігі, яғни Құрбан айттан бір күн бұрын болады. 

Құрбан айт мерекесі 9-11 шілде аралығында жалғасады.