2021 жылдың желтоқсан айы барлық жұлдыздар үшін естен кетпес жаңа эмоциялар сыйламақ. Бұл өте жеңіл әрі қызықты кезең болады. Бұл айда болатын өзгерістерден таңғаласыздар.
Тоқты
Тоқтылар үшін желтоқсан жеңіл ай болмақ. Алдыңғы айларда белсенді болып, энергияны көп жұмсасаңыз, бұл айда өмірдің ағысымен кете барасыз. Дұрысы да осы шешім болатын шығар. Себебі әр ісіңізді ойлануға, маңызды шешімдерді қайта қарауға уақытыңыз болады. Алайда желтоқсан – жалқаулық айы болып кетпесін. Істерді кейін шегере берсеңіз, кейін өзіңізге қиын болуы мүмкін.
Торпақ
Бұл ай оңаша қалу және өздігінен шешім қабылдау айы. Мұны сіздің жаныңыз бен тәніңіз де қалайды. Желтоқсан айында өзіңізге, қалауыңызға құлақ асуға мүмкіндік туады. Спа мен түрлі сұлулық процедураларын жасауға таптырмас уақыт. Ол сізге эстетикалық ляззатпен бірге сенімділік те сыйлайды. Жеке мансабыңызға көңіл бөлетін ең жақсы уақыт. Жұлдыздардың болжамына сенсек, желтоқсанда қызметіңіз жоғарылайды.
Егіздер
Егіздер үшін бұл ай оңайға соқпайды. Жақындарыңызбен болмашы нәрселерге бола қарым-қатынасыңыз бұзылуы мүмкін. Өзіңіздің әрекетіңізге және түрлі жағдайларға көзқарасыңызға мән беріңіз. Желтоқсанда әр мәселе үлкен проблема болып көрініп, әлем құлдырайтындай көрінуі мүмкін. Бірақ жақын арада болған жағдайларды ойлауға қолыңыз босап, босқа уайымдағаныңызды түсінесіз.
Шаян
Шаяндар үшін желтоқсан ғажайыпқа, күтпеген оқиғаларға толы болады. Мұның бәріне бір себеп іздеп, әлем ақылдасып алған деп ойлауыңыз әбден мүмкін. Алайда қырағылығыңызды жоғалтпаңыз. Денсаулыққа жіті мән беруге кеңес беріледі.
Арыстан
Арыстандар үшін сәтті ай! Табыс сізге әр салада серік болады. Әсіресе, денсаулығыңызға қатысты қуанышты хабар күтуде. Өткеннің жүгінен арылып, келесі кезеңге нық сеніммен қадам басатын уақыт жетті. Алайда кейбір адамдармен сақ болғаныңыз абзал. Айналаңыздағы әр адамға жіті көңіл бөліп қараңыз. Олар сіз ойлағандай болып шықпауы мүмкін.
Бикеш
Бикештер үшін жемісті ай болмақ. Қызметіңіз жоғарылап, қатарыңыз жаңа әріптестермен толығуы мүмкін. Бірақ махаббатта жолыңыз болмауы мүмкін. Шешім қабылдауда асықпағаныңыз абзал. Өзіңізге уақыт арнаңыз.
Таразы
Желтоқсанда жұмысқа көңіл бөлуге кеңес беріледі. Сәтсіздік пен қаржылық дағдарыс жаныңызға серік болуы мүмкін. Ақшаға көзқарасыңызды қайта қарап, серіктестеріңізбен шарттарды қайта талқылаңыз. Сүйіктілеріңіз бен жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз жақсара түседі. Серігіңіз өзінің жақсы қасиеттерін осы айда көрсетеді.
Сарышаян
Сарышаяндар бұл айда қаржы мәселесін уайымдамаса болады. Қандай да бір экономикалық мәселе туындаса да, оның шешімі табылады. Жеке өмір үшін сәтті кезең емес. Жаныңыздарғы адамға назар аударыңыз. Ол кез-келген жағдайда көмектеседі.
Мерген
Мергендер үшін сәтті ай. Ғажап Жаңа жылдық атмосфераға бөленіп, өзіңізді толықтай отбасыға, мерекелерге дайындыққа арнайсыз. Бірақ бұл жұмысыңыздың сапасына кері әсер беруі мүмкін. Басшылықпен қарым-қатынасыңызға көңіл бөліңіз, себебі нашарлап кетуі мүмкін.
Тауешкі
Тауешкілер үшін жеке өмірде келеңсіздіктер тууы мүмкін. Серігіңіздің сізге деген қарым-қатынасына мән беріп, араларыңызда нені жақсартуға болады, сол жөнінде ойланыңыз. Бірақ желтоқсанда тосынсый күтіңіз. Қоныс немесе қызмет ауыстыруыңыз мүмкін.
Суқұйғыш
Суқұйғыштар үшін серіктестік қарым-қатынасқа оңтайлы ай. Өзіңізді қолға алып, мансаптың жаңа баспалдағына қадам басыңыз. Сүйіктіңіз бен отбасыңызға келсек, барлық өкпе-ренішті ұмытып, ортақ тіл табасыз.
Балықтар
Ұқыпсыздығыңыз бен құнтсыздығыңыздың кесірі жұмысқа тиюі мүмкін. Бар назарыңыз Жаңа жылға ауып, жұмысқа көңілді аз бөлуіңіз ықтимал. Дегенмен, мерекеге дайындық басқа істерді кейінге қалдыруға себеп емес. Желтоқсан сізге ең құнды дүниені сыйлайды. Денсаулыққа қатысты барлық мәселелеріңіз шешіледі.
Дереккөз: Stan.kz