Әл-Фараби ауданындағы көпқабатты үйдің пәтерінен 23 жасар қыздың мәйіті табылды. Бойжеткен пәтерді бүгін таңғы сағат 7-лерде жалға алған екен, деп хабарлайды Express Qazaqstan.
Тыныбаев көшесіндегі көпқабатты үйдің пәтеріндегі мәйіт туралы хабар полицейлерге сағат 10.05-те келіп түскен. Марқұм 1998 жылы дүниеге келген.
Оқиға орнынан бойжеткеннің жеке заттары тәркіленіп, қол саусақтарының іздері алынды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде,
— деді Шымкент қалалық Полиция департаментіндегілер.
Бойжеткеннің неден және қалай көз жұмғаны сараптама қорытындысынан соң белгілі болады.