02.12.2021, 10:20

Елімізде «Pfizer» вакцинасының I дозасын салдырған адам саны 100 мыңға жуықтады

Фото: inform.kz
Басым бөлігі жасөспірімдер.

1 желтоқсандағы жағдай бойынша «Pfizer» вакцинасының I дозасын салдырған адам саны 99 186-ға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Оның ішінде:  Жасөспірімдер – 78 567,  Жүкті әйелдер – 6 348,  Бала емізетін әйелдер – 14 271 адам.