$ 494.87  520.65  4.91

Атырау облысында ерекше балықтар ұсталды

Олар жойылып бара жатқан балық түріне жатады, «Қызыл кітапқа» енгізілген.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Атырау облысында балықшылар ерекше балық аулады. Қабыршағы жоқ жылан тәрізді дененің қорқынышты аузы бар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Басылымның мәліметінше, мұндай балықтарды Құрманғазы ауданында бұрын-соңды ешкім көрмеген. Ол жойылып бара жатқан балық түріне жатады, "Қызыл кітапқа" енгізілген.

"Арамыздағы бір балықшы өзеннен ескі етік тауып алып, осы қоқысты шығарғысы келді, балықтар соның ішінен шықты. Басында жылан деп ойладық, бірақ мұқият қарағасын жылан тәрізді балық екенін түсіндік. Бірнешеуі түсіп кетті. Өзеннен мұндай балықты ешқашан көрген емеспіз. Google-ден қарап, бұл минога екенін білдік. Уикипедиядан ол туралы көп ақпарат алдық. Бұл балық, негізінен Ресейде, Финляндияда, Латвияда, Швецияда, Эстонияда кездеседі екен", - дейді тәжірибесі көп әрі әуесқой балықшы Дмитрий Соколинский.

Балық ағысы бірқалыпты, тыныш жерлерді жақсы көретіні анықталды. Өзен миногасы таза суда өмір сүруді жөн көреді, сондықтан бұл - судың экологиялық жағдайының көрсеткіші. Ол өмір бойы өзенде тіршілік етеді. Оның мекендейтін жері - кішкентай өзендер. Балықтар үнемі лайға жасырынып тұрады. 5-6 жылдан кейін метаморфозға байланысты дернәсілден ересегі түзіледі. Оның ұзындығы 10-нан 100 сантиметрге дейін болады. Ол адамға ешқандай қауіп төндірмейді. Оның үстіне, балық жеуге жарамды, бірақ түріне қарап ешкім бұл қадамға бара қоймас.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары