02.12.2021, 23:30

Алматыда жасөспірім қыз 12-ші қабаттан секіріп кетті

Фото: stan.kz
«Өзін-өзі өлтіруге дейін апару» бабы бойынша іс қозғалған.

Алматыда жасөспірім қыз 12-ші қабаттың балконынан секіріп кетті. Полицейлер мәйітті кіреберістің шатырынан тапты, деп хабарлайды Stan.kz.

Қайғылы оқиға сағат 16:00 шамасында қаланың Алмалы ауданында болды.

Куәгерлердің айтуынша, олар тек құлаған заттың дауысын ғана естіген, адамның айқайлағанын ешкімнің құлағы шалмапты.

"Факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 105-бабы "Өзін-өзі өлтіруге апару" бойынша тіркелді. Оқиғаның себептері мен мән-жайы анықталуда", - деп түсіндірді Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі.