$ 494.87  520.65  4.91

Тоқаев 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті

Заң 2022 жылы күшіне енеді.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Заңға сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

ең төменгі жалақы 60 000 теңге;
мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге;
ең төменгі зейнетақы - 46 302 теңге;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және өзге де төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 063 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері - 36 018 теңге.

Заң 2022 жылы күшіне енеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары