03.12.2021, 09:20

Тоқаев 2022 жылға арналған ең төменгі жалақы мен АЕК мөлшерін бекітті

Фото: ашық дереккөз
Заң 2022 жылы күшіне енеді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заңға қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Заңға сәйкес 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап:

ең төменгі жалақы 60 000 теңге; мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері – 19 450 теңге; ең төменгі зейнетақы - 46 302 теңге;

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жәрдемақыларды және өзге де әлеуметтік төлемдерді есептеу, сондай-ақ өсімпұлдарды, салықтарды және өзге де төлемдерді қолдану үшін айлық есептік көрсеткіш (АЕК) - 3 063 теңге;

базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төмен күнкөріс деңгейінің мөлшері - 36 018 теңге.

Заң 2022 жылы күшіне енеді.