Әлеуметтік желіде қаңғыбас иттердің адамға шабуылдап жатқан видеосы пайда болды. Ал әйел 8 итке қарсы бір өзі қарсылық көрсетіп жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.
Бұралқы иттердің әйелге шабуылдап жатқан бейнежазбасы Facebook-те пайда болды. Онда 8 ит әйелді жан-жағынан қоршап, тартқылап жатыр.
Қорғансыз жан барынша қорғанып, олардан құтылудың амалын қарастыруда. Ал көмектесудің орнына бұл жағдайды қызық көріп, видеоға түсірген ер адамның әрекетін желі қолданушылары қатты сынап жатыр.
Олар: "Алла ақымаққа сана берсін", "Оңбаған, ең құрығанда айғайламай түсіріп тұрғанын қарашы", "Қатігездік! Адамдарда сезім деген дүние қалмаған секілді", "Ит атқыштар қайда?", "Есалаң, бүлк етпей түсіріп тұр ғой", - деп түрлі пікір қалдырған желі қолданушылары.
Видеоның еліміздің қай өңірінде түсірілгені де, ит талаған әйелдің жағдайы да әзірге белгісіз.