$ 449.3  489.69  4.89

Кеше ғана қызметінен босатылған Нұрлан Ермекбаев басшылық қызметке қайта сайланды

Облыс орталықтары мен ауылдарында балалар мен ересектерге арналған спорт залдары жұмысын тоқтатқан емес.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Нұрлан Ермекбаев Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы болып қайта сайланды.

Алматыда өткен кезектен тыс конференцияда Нұрлан Ермекбаев төралқа шешімімен қайтадан Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының төрағасы болып сайланды. Ол бұл лауазымды 2018 жылдан бері басқарып келеді.

Өткен 2 жыл ішінде Қоян-қолтық ұрыс қауымдастықтары жүйелі жұмысымен көзге көрінді: еліміздің ірі қалаларында, облыс орталықтары мен ауылдарында балалар мен ересектерге арналған спорт залдары жұмысын тоқтатқан емес.

2021 жылы Мәскеуде өткен қоян-қолтық ұрыстан әлем Кубогында қазақстандық команда сәтті өнер көрсетіп, 4 алтын, 2 күміс және 6 қола медальды қоржынға салды.

Қауымдастық сондай-ақ 2023 жылғы Әлем чемпионатын Қазақстанда өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Nege.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары