03.12.2021, 18:20

Алматыда тағы бір адам 12-қабаттан секіріп кетті

Фото: stan.kz
Ол көліктің үстіне түсіп, тірі қалған.

Әлеуметтік желіде Алматыдағы "Шахристан" тұрғын үй кешенінде 12-қабаттан ер адамның секіріп кеткені туралы ақпарат тарады. Ол ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz.

Ер адам көліктің үстіне түсіп, тірі қалған. Қазір ауруханада, дәрігерлер бақылауында.

"Науқас Орталық клиникалық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды. Жағдайы ауыр. Жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау басқармасында. 

Басылым келтірген дерекке сүйенсек, полиция департаментінде аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалған. 

"Дерек сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша тіркелді. Мән-жайы анықталуда", - деді полиция департаментінде. 

Тұрғын үй кешенінде оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартып, журналистердің аумаққа кіруіне тыйым салған.