Жаңалықтар 03.12.2021 сағат 19:11

Елімізге Шавкат Мирзиёев мемлекеттік сапармен келеді

Мирзиёев екі күндік мемлекеттік сапармен келеді.
Елімізге Шавкат Мирзиёев мемлекеттік сапармен келеді
Фото: ашық дереккөз

 5-6 желтоқсан күндері елімізге Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев екі күндік мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 5-6 желтоқсан күндері елімізге Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев екі күндік мемлекеттік сапармен келеді. Көпқырлы қазақ-өзбек қатынастарына тың серпін беру мақсатымен Қазақстан мен Өзбекстан басшыларының шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздері өтеді. Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады деп күтілуде», - деп жазды Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар