04.12.2021, 18:20

Жалғас Жұмағұловтың UFC-дегі төртінші жекпе-жегінің трансляциясын қайдан көруге болады?

Фото: ҚазАқпарат
Жұмағұлов - Кейп жекпе-жегінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00-де басталады.

Жексенбі, 5 желтоқсан күні таңертең Лас-Вегаста (АҚШ) UFC on ESPN 31 турнирінде қазақстандық файтер Жалғас Жұмағұлов (14-5) пен анголалық Манел Кейп (16-6) айқасады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Жұмағұлов - Кейп жекпе-жегінің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақытымен 08:00-де басталады. Бұл айқастың тікелей трансляциясын UFC Fight Pass сервисінен көре аласыздар. 

Лас-Вегаста (АҚШ) UFC on ESPN 31 турнирі қарсаңында Жалғас Жұмағұлов (14-5) қарсыласымен дәстүрлі көзбен атысу рәсімін өткізді. Көзбен атысу барысында Кейп Жұмағұловты арандатуға тырысты: ол дөрекі түрде басымен алға ұмтылды, бірақ қазақстандық бұған тек күлімсіреп қана жауап берді.