$ 510.08  539.61  5.15

«Қазпошта» қызметкерлері 40 миллион теңгені жымқырған

Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.

40 млн теңгені қолды қылған «Қазпоштаның» екі әйел қызметкері ұсталып, Уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды деп хабарлайды Paryz.kz, mgorod.kz сайтына сілтеме жасап.

БҚО-да "Қазпоштаның" екі қызметкері кәсіпкерлердің зейнетақысы мен ақшасын үптеп кеткен.

БҚО бойынша Экономикалық тергеу департаменті «Қазпошта» бөлімшелерінің бірінің екі қызметкері компанияның шотына одан әрі аудару үшін ЖШС өкілі берген ақшаның бір бөлігін заңсыз иемденгенін хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 33 миллион теңгеден асқан.

Сондай-ақ әйелдер алаяқтық жолмен зейнеткерлердің сеніміне қиянат жасап, 7 миллион теңгеден астам ақшаны иемденген.

Әйелдерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы ("Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктілер БҚО-ның екі тұрғыны, олар ұсталып, Уақытша ұстау абақтысына қамалды, - деп хабарлады БҚО Экономикалық тергеу департаменті.

Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жарияланбайды.

Биыл наурыз айында "Қазпошта" АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалында жүргізілген ішкі аудит барысында клиенттердің есепшоттарымен заңсыз әрекеттер жасау фактісі анықталды. Артынша "Қазпошта" есепшоттарындағы ақшаларын таппай қалған клиенттерге өз қаражаты есебінен 2,2 миллион теңгені өтеп берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары