$ 494.87  520.65  4.91

Алматыдағы балабақшада тәрбиеші бүлдіршінді сабап тастады

Полицейлер істі сараптама нәтижесі шыққаннан кейін қозғаймыз деп уәде берген.

Әлеуметтік желіде алматылық ата-ананың көмек сұрап, шағымданған жазбасы жарияланды. Әйелдің айуынша, оның ұлын балабақшада тәрбиешісі соққының астына алған, деп хабарлайды Экспресс К.

Ана-ананың жазбасы Instagram-дағы zhaloby.almaty деген парақшада жарияланды.

15 қараша күні Алматы қаласы Саялы-2 ықшамауданындағы "Ақжолтай" балабақшасында тәрбиеші ұлымды ұрды. Сондықтан Алатау ауданының полиция органдарына арыз жаздым. Содан бері олардан ешқандай хабар жоқ,

— деп жазады әйел.

Оның айтуынша, полицейлер істі сараптама нәтижесі шыққаннан кейін қозғаймыз деп уәде берген. Алайда сараптаманың дайын болғанына 10 күн өтсе де, іс қозғалмаған.

Мен олармен хабарласып әлекпін, бірақ телефонын алмайды,

— дейді шешесі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары