05.12.2021, 08:58

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде нокаутпен жеңіліп қалды (ВИДЕО)

Жалғас Жұмағұлов техникалық нокаутпен жеңілді.

Жалғас Жұмағұлов UFC-дегі төртінші жекпе-жегінде Манел Каптан жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Қазақстандық Жалғас Жұмағұлов (14-5) пен анголалық Манел Кап (16-6) Лас-Вегастағы UFC турнирінде кездесті. Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жек үш бес минуттан тұруы керек еді, бірақ бірінші раундта аяқталып қалды. Жалғас Жұмағұлов техникалық нокаутпен жеңілді.

Бұл Жұмағұловтың UFC-дегі төртінші жекпе-жегі. Шілдеде ол америкалық Джером Ривераны жеңген болатын, ал қыркүйекте төрт жекпе-жек өткізуге промоушенмен жаңа келісімшарт жасады.

Кештің басты жекпе-жегінде ең жеңіл салмақтағы Роб Фонт (19-4) және Жозе Алдо (30-7) кездеседі. Турнирдің маңыздылығы бойынша екінші кезеңінде Қазақстан тумасы Рафаэль Физиев (10-1) пен Брэд Ридделл (10-1) айқасады.

Тегтер: нокаут UFC Жалғас