$ 494.87  520.65  4.91

«Нағыз патриот»: Назарбаев Тоқаев туралы пікір білдірді

Сонымен қатар, Елбасы "Мәңгілік ел" идеясының түпкі мақсатын айтты.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Тәуелсіздік сабақтары" атты мақаласында Қасым-Жомарт Тоқаев туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елбасы екі жарым жыл бұрын Қазақстанда жоғары лауазымды тұлға ауысқанын еске салды.

"Соңғы сайлауда халықтың 98%-ына жуығының қолдауына ие болдыңыз. Қызметіңізді атқара беріңіз", - деушілер аз болған жоқ. Бірақ әр нәрсе өз ретімен болуы керек.

Отыз жылға жуық ел басқарған кезімде мен жаныма қаншама азаматты серік етіп, көптеген шәкірт тәрбиеледім. Солардың ішінде Үкімет басқарған, Біріккен Ұлттар Ұйымы бас хатшысының орынбасары ретінде жаһандық саясатқа жетіктігін танытқан, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарынан бастап қасымнан табылған нағыз патриот, жоғары білікті кәсіпқой тұлға Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевты Президенттік қызметке ұсындым. Сайлауда халықтың басым көпшілігі оны қолдады. Осылайша, біз халқымыздың ауызбірлігін, саясаттағы сабақтастығымызды күллі әлем қоғамдастығына тағы бір қырынан таныта білдік", - деп жазды Елбасы.

Сонымен қатар, Елбасы "Мәңгілік ел" идеясының түпкі мақсатын айтты.

"Халықтан кім асырып айтқан?! "Диірменнің тасындай дөңгеленген дүние" бір орнында тұрмайтыны белгілі. Президент ауысады, бірақ Тәуелсіздік мәңгілік болуы керек. Әр қазақстандық алдағы уақытта оның тұғырын нықтап, еңсесін тіктеп, абыройын асыруға қызмет етуге тиіс. "Мәңгілік ел" идеясының түпкі мақсаты осында. Ең бастысы - еліміз аман, ұрпағымыз азат. Біз алақанға салып өсірген сол азат ұрпақ ендігі жерде "Мен Қазақстаныма не беремін?" дегенді ойлауы керек", - делінген мақалада.

Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіздік сабақтары" мақаласын мына сілтеме бойынша толық оқып шығуға болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары