Алматыда әйел 12-қабаттан секіріп кетті. Қалалық полиция өз-өзіне қол жұмсау дерегін растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Алматыда суицид жасағаны туралы хабарлама тарады. Хабарламада Ақсай шағынауданындағы көпқабатты үйдің 12-қабатынан қыз секіріп кеткені айтылған.
Алматы полициясы оқиға туралы ақпаратты растады. Бұл деректі Әуезов аудандық полиция басқармасы ҚР ҚК-нің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бойынша тіркеген.
Бұл іске қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды. Мән-жайлар мен себептері белгіленеді.