$ 494.87  520.65  4.91

«Ұлымды шұлығынан таныдым». Марқұмның анасы Президентке үндеу жолдады (ВИДЕО)

Марқұмның жақындарының айтуынша, 32 жастағы көлік жүргізушісінің әкесі теміржолда басшылық қызметте.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Ақтөбеде көлік қағып өлтірген 15 жастағы баланың анасы кінәлі адамның жазасыз қалмауын сұрайды. Қайғыдан қан жұтып отырған ол барша қазақстандықтар мен мемлекет басшысына видеоүндеу жолдады, деп хабарлайды Экспресс К.
"Диапазон" басылымының мәліметінше, 3 желтоқсан күні кешкі уақытта "Land Cruiser Prado" маркалы машина Пацаева көшесімен келе жатып жаяу жүргіншіні қағып кеткен. 15 жастағы бала оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның жақындарының айтуынша, 32 жастағы көлік жүргізушісінің әкесі теміржолда басшылық қызметте.

"Ата-аналарға, ел Президентіне айтарым, ұлымның өліміне кінәлі адамның тиісті жазасын алуына көмектесіңіздерші! Ұлым жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқанда оны қара джип қағып кетті. Ол менің жалғыз балам, тірегім еді. Ол кешке апасына барып сол үйге қонбақ болған. Үйге барар жолды жақсы білетін. Балам тілалғыш, тәртіпті болатын, жол ережесін бұзбайды. Ол түрлі олипиадаларға қатысқан",- дейді анасы.

Ұлын көлік қағып кеткенін ол Instagram-нан көрген.

Видеодағы айқай-шудан балам екенін бірден біле алмадым. Оны шұлығынан танып, айқайлап жібердім. Бірден оқиға орнына жетсем, мені ұлымның жанына жібермей, итеріп тастады. Жедел жәрдемді 15 минут, полицияны 40 минут күттік. Әділдігіміз қайда? Кінәлі адам жазасыз қалмауы үшін бәріне барамын. Адам өлтіргенін біле тұра түнде қалай тыныш ұйықтайды? Менің бар тілерім әділдік, — дейді күйінген ана.

Марқұмның жақындары жол апатын көрген куәгерлердің полицияға хабарласуын сұрайды.

ПД-нің мәліметінше, "Land Cruiser Prado" автокөлігі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қайтыс болған баланың жақындары жүргізуші көлікті қатты жылдамдықпен айдағанын айтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары