$ 443.85  474.3  4.8

Алматыда жылу құбыры жарылды: Рысқұлов даңғылында қозғалыс шектелген

Апаттан зардап шеккендер жоқ.
Фото: stan.kz
Фото: stan.kz

Алматыда Рысқұлов даңғылы мен Жансүгіров көшесінің қиылысының маңында жылу құбыры жарылды. Қазір тұрғындарға ыстық су қайта берілді, деп хабарлайды Stan.kz. 

Желіде апат болған сәтте түсірілген видео тарады. Соған сәйкес көше ортасы кенет ақ буға толып кетті. Видеодан көлік қозғалысы да қиындағанын аңғаруға болады.

Алматы әкімдігінің хабарлауынша, жылу құбыры жарылған жерде "Алматы жылу жүйесі" ЖШС апат бригадасы жұмыс істеп жатыр. Қалалық полиция департаменті Рысқұлов даңғылы бойымен батыс бағытта Жансүгіров көшесінен Розовая көшесіне дейін көлік қозғалысы жабылғанын хабарлады.

Жол қалпына келтірілгенше көшедегі қозғалыс шектеледі. Соған байланысты қала әкімдігі көлік жүргізушілерінен алдын ала жүру бағытын өзгертуді сұрады.

Апаттан зардап шеккендер жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары