Жаңалықтар 07.12.2021 сағат 21:11

Атбасарда қаңғыбас иттерді өлтіріп, далаға тастап кеткен

Әлеуметтік желі қолданушылары бұл жайтқа жергілікті билікті кінәлауда.
Атбасарда қаңғыбас иттерді өлтіріп, далаға тастап кеткен
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Instagram әлеуметтік желісіндегі zoozashita.atbasar парақшасында тараған фотосуреттер көпшіліктің наразылығын тудырды. Онда ондаған иттің өлексесі ашық далада жатқанын аңғаруға болады. Автор бұл жайттың Атбасар қаласында болғанын жазған.

Аталған жазбада өліп жатқан иттердің бірін күндіз жергілікті тұрғындар алып кетпек болып шешкені айтылады. Алайда, кешке келгенде осындай жантүршігерлік көрініске тап болдық дейді ол.

Ал, желі қолданушыларының кейбірі адамдардың қауіпсіздігі үшін қаңғыбас иттердің көзін жоюды дұрыс деп жазса, өзгелері мұны адамгершіліктен жат деп есептейді. Өркениетті елдерде жан-жануарды дәл бұлай өлтірмейтінін, уақытша ұстау орталықтарына апаратынын айтады.

Азаттық рухы

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар