$ 444.32  473.33  4.76

Нұр-Сұлтанда қар тазалағыш көлік зейнеткерді қағып өлтірді

Қайғылы оқиға 7 желтоқсанда болған.
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігі

Нұр-Сұлтанда қар тазалағыш машина әйел адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 7 желтоқсанда болған.

Белгілі болғандай, қар шығаратын шағын жүк тиегіш қартаң әйелді қағып кеткен.

«Тілендиев көшесіндегі қарды тазалап жатқан шағын жүк тиегіштің жүргізушісі кенет артқа жүріп кеткен. Ер адам жаяу жүргіншілер жолағында келе жатқан 65 жастағы әйелді байқамағанын айтты. Әйел адам алған жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болды», - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары