Кейінгі тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 704 жағдай тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК-қа сілтеме жасап.
Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 977 031-ге жетті. Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласында - 122, Алматы қаласында - 54, Шымкент қаласында - 4, Ақмола облысында - 62, Ақтөбе облысында - 2, Алматы облысында - 19, Атырау облысында - 15, Шығыс Қазақстан облысында - 33, Жамбыл облысында - 7, Батыс Қазақстан облысында - 18, Қарағанды облысында - 129, Қостанай облысында - 68, Қызылорда облысында - 7, Маңғыстау облысында - 4, Павлодар облысында - 78, Солтүстік Қазақстан облысында - 77, Түркістан облысында - 5.Сондай-ақ, елімізде барлығы 944 485 адам COVID-19-дан емделіп, сауығып шықты.