08.12.2021, 18:00

Қатты аяз келе жатыр: Кей өңірлерде ауа-райы 35 градусқа дейін төмендейді

Фото: ашық дереккөз
Ал, 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Қазгидрометтің синоптиктері 9, 10 және 11 желтоқсанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Болжамға сәйкес, 9 желтоқсанда ел аумағының басым бөлігі антициклонның ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ, түнде Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және орталығында ауа температурасы 20-25 градусқа дейін, кей жерлерде 30 градусқа дейін төмендейді.

"10 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 35 градусқа дейін аяз болады. Қара теңіз облыстарынан келетін циклон еліміздің батыс облыстарына әсер етіп, алдағы екі күнде ол шығысқа қарай жылжиды. Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын, көктайғақ, секундына 15-25 метр жел күшейді", — делінген хабарламада.

11 желтоқсанда солтүстік облыстарда бұрқасын, сондай-ақ 5-10 градусқа дейін аяз болады, кей жерлерде 15-20 градусқа дейін аяз күтіледі. Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында 25 градус аяз болады деген болжам бар.