$ 494.87  520.65  4.91

Ресей азаматы 9 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып келген

«Мигрант» жедел-алдын алу шарасы барысында қос азаматтық фактілерін анықталып жатыр.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Шығыс Қазақстан облысында 9 жыл бойы заңсыз зейнетақы алып келген ресейлік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары «Мигрант» жедел-алдын алу шарасы барысында қос азаматтық фактілерін анықтауда. 

«Мәселен, 2006 жылы Ресей Федерациясы Алтай өлкесінде сол елдің азаматтығын алған ер адам тіркелді. Ол соған қарамастан 9 жыл бойы Қазақстан Республикасының аумағында зейнетақы алып келген. Аталған факті бойынша оған ҚР ӘҚБК-нің 496-бабына сәйкес 100 АЕК сомасында айыппұл салынды», -деді облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары