Әлеуметтік желі қолданушылары Pfizer/BioNTech вакцинасының бағасы жайлы хабарламаны жаппай таратуда. Автордың сөзінше, вакцинаны ерікті түрде алғысы келетін азаматтар 50 000 теңге төлеуі қажет. Алайда емханада бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Stopfake.kz басылымына сілтеме жасап.
Хабарлама авторы бұл туралы Алматыдағы №4 емханадан естігенін айтқан. Бірақ емхана қызметкерлері вакцина бағасының әлі бекітілмегенін мәлімдеді.
"Қазір №4 емханада Pfizer вакцинасын ақылы түрде алғысы келетін азаматтарды алдын ала тіркеу жүріп жатыр. Әзірге бағасы белгісіз. Қалалық емхана қызметкерлеріне вакцина құны жайлы бұйрық келіп түскен жоқ", - деді мекеме қызметкерлері.
Сонымен қатар Pfizer препаратын 12 және 18 жас аралығындағы жасөспірімдердің тегін ала алатынын қосып өтті.
Айта кетейік, бұған дейін Pfizer вакцинасын ақылы негізде алуға кезек басталғаны туралы хабарлаған едік.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.