Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында алдағы уақытта 348 нысанды сату керек, деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді.
Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 733 нысанды сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 52 млрд теңгеге 197 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді, – дейді министр.
Қаржы министрінің айтуынша, мемлекет меншігінде болған 112 нысан сатылымға қойылған.
16 нысан қайта ұйымдастыруға және таратылуға жіберілді. Алдағы уақытта 348 нысанды сату керек, – деді Ерұлан Жамаубаев.
Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын Instagram, Telеgram, facebook, twitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.