$ 494.87  520.65  4.91

Ақтөбеде баласы адам қағып өлтірген депутат мәлімдеме жасады

Облыстық мәслихат депутаты Бөріхан Беркімбаев ұлын ақтамайтынын және оның заң бойынша жазаланатынын айтты. Қазір жүргізуші уақытша ұстау изоляторында.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Диапазон басылымының хабарлауынша, желіде мектеп оқушысын қағып кеткен жігіттің әкесі теміржолда басшылық қызметте жұмыс істейтіні айтылған. Алайда, Бүріхан Беркімбаев облыстық мәслихаттың қазіргі депутаты екені анықталған.

Оның айтуынша, ол ұлын ақтамайды және ол заң алдында жауап береді, жазасы ауырламаса, жеңілдемейді.

«Әрине, бұл жантүршігерлік трагедия, отбасы үшін орны толмас қайғы», – деді Бөріхан Беркімбаев.

– Иә, көлікті менің ұлым жүргізді. Оқиғаның ертеңіне мен отбасына көңіл айтып, жерлеуге қатыстым, осының бәріне шын жүректен. Ұлымды ақтауға тырыспадым да. Ол кінәлі, заң бойынша жауап береді. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында. Мен ұлым үшін сылтау айтып отырған жоқпын, тек оның қалай болғанын айтқым келеді, өйткені әлеуметтік желіде көп нәрсе жазылды. Балам сол күні кешке жаттығуға кеткен, есірткі қабылдамаған, мұның барлығы сараптамамен анықталған. Ғаламторда жазылғандай ол жерде жарыс болмаған. Балам байсалды, жұмыс істейді, үш бала тәрбиелеп отыр. Көлік ескі, оны бұрын сатып алғанбыз. Жол апатынан кейін ұлым ешқайда қашпаған, жедел жәрдем шақырған. Ол өз кінәсін 100 пайыз мойындап, заң бойынша жазаланатынын айтты. Мен марқұмның отбасын түсінемін, баланың орнын ешкім толтыра алмайды. Мен бұлай болғанын ешкім қаламағанын және одан ешкім сақтандырылмағанын айтқым келеді. Ал менің депутат болуым тергеуге әсер етпейді, тіпті оның жазасы қаталырақ болмаса, жеңіл болмайды. Ешкімнің басына бермесін» деді ол.

Еске салсақ, 3 желтоқсанда Ақтөбеде 15 жасар мектеп оқушысы Пацаев көшесінен өтіп бара жатқанында, оны 32 жастағы Land Cruiser Prado көлігінің жүргізушісі қағып кеткен.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары