$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысының тұрғыны баласын қорлаған адамды пышақтап тастады

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сараптама тағайындалды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Қостанай облысында әйел ер адамды пышақтап тастады. Зардап шеккен азамат бұған дейін әйелдің ұлын ұрған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Aлау.kz. сайтына сілтеме жасап.

Қарасу ауданы Железнодорожный ауылының 30 жастағы тұрғынына пышақ жарақатын салу дерегі бойынша аудандық полиция бөлімі ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі ("денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру") бойынша тіркелген сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Алдын ала тергеу барысында 46 жастағы жергілікті тұрғынның мас күйінде бұрын баласын ұрып-соққан жәбірленушіге пышақ жарақатын тигізгені анықталды. Ер адам Әулиекөл аудандық ауруханасына жатқызылды.

Қазіргі уақытта аталған факт бойынша сараптама тағайындалды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары