Жаңалықтар 07.12.2021 сағат 17:40

Қара нәсілді келін желі қолданушыларының ықыласына бөленді

Орыс тілінде еркін сөйлетін Лия қазақ келіндерінің міндеттерін орындап жүр.
Қара нәсілді келін желі қолданушыларының ықыласына бөленді
Фото: ашық дереккөз
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

TikTok әлеуметтік желісінде «аппақ келін» лақап атымен танымал болған Лия есімді ару желі қолданушыларының ықыласына бөленді.

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Әйтей ауылында тұрып жатқан Лияның қазіргі таңда 30 мыңнан астам оқырманы бар.

Аппақ келін желіде белсенділік танытып жүр. Белгілі болғандай, орыс тілінде еркін сөйлетін Лия қазақ келіндерінің міндеттерін орындап жүр.

Аппақ келін бауырсақ пісіруді және құрт жасауды ұнататынын айтты.

Алайда желі қолданушылары Лияның шынайылығына күмәнмен қарап жатыр.

Бірі оған «қазақтың қанын құртасың» деп сөксе, енді бірі «Лия сериалға түсіп жатыр» деген болжамымен бөлісті.

Желі қолданушыларының бұл болжамы орынды болса керек. Себебі, Лия бұған дейін Jony лақап атымен танымал әншінің «Комета» бейнебаянында бой көрсеткен.

orda.kz

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар