10.12.2021, 14:20

Ақтөбе тұрғыны бронтранспортер сатқысы келген

Фото: ашық дереккөз
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам оны шамамен 2000 жылдары сатып алған, енді қажетсіз болғасын сатуды ұйғарған.

Ақтөбе облысының тұрғыны құжатсыз бронтранспортер сатқысы келген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ер адам оны шамамен 2000 жылдары сатып алған, енді қажетсіз болғасын сатуды ұйғарған.

"Құқықтық тәртіп" жедел алдын алу іс-шарасы барысында Ақтөбе облысы полиция департаментінің ЖПБ қызметкерлері Ақтөбе қаласындағы Россовхоз кенті аумағында карьер маңынан БТР-60 бронтранспортерін анықтады", - деп хабарлады полициядан.

Тәртіп сақшылары көліктің карьер инженеріне тиесілі екенін анықтады. Ер адам БТР-ды шамамен 2000 жылдары белгісіз біреуден сатып алғанын, енді қажетсіз болғандықтан сатқысы келгенін айтты.

Бұл дерек ҚР ҚК 386-бабы, 1-бөлігі ("Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу жалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу") бойынша СДТБТ-де тіркелді, тергеу жүргізіліп жатыр.

БТР Ақтөбе коммуналдық автотұрағына қойылды.

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.