$ 494.87  520.65  4.91

Қостанай облысында медбике сотқа жүгініп, короновирусқа байланысты төлемін өндіріп алды

Жұмыста ол пневмония жұқтырған, бірақ 2 миллион теңге көлемінде дәрігерлер алатын төлемді ала алмаған.
Фото: Tengrinews.kz
Фото: Tengrinews.kz

Сот Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасын жұмыста коронавирус жұқтырған фтизиопульмонология орталығының бұрынғы медбикесіне өтемақы төлеуді міндеттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

Тобыл қаласының тұрғыны Қаукер Досова былтыр пандемия кезінде провизорлық стационарда медбике болып жұмыс істеген. Жұмыста ол пневмония жұқтырған, бірақ 2 миллион теңге көлемінде дәрігерлер алатын төлемді ала алмаған. Сот шағым иесінің өтінішін қанағаттандырды.

"Жауапкердің талапкердің құжаттарын COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы іс-қимыл бойынша эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған медицина қызметкерлеріне біржолғы төлемді ұйымдастыру жөніндегі әрекеті заңсыз деп танылды. Медбикенің ауру дерегі жұмыс орнында 2021 жылғы 5 қазанда облыстық фтизиопульмонология орталығы жасаған COVID-19 медицина қызметкерінің ауру жағдайын тексеру хаттамасы арқылы дәлелденді", - деді Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі өкілі.

Сондай-ақ, сотта құжаттардың облыстық денсаулық сақтау басқармасына келіп түскені, ал жауапкердің дәлелдері зерттелген дәлелдемелердің жиынтығымен теріске шығарылғаны анықталды. Еңбек және денсаулық сақтау министрліктерінің "COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған Денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығы бұзылды, өйткені Досова туралы ақпарат комиссияға берілмеген.

Сонымен қатар, Қостанай облысы әкімінің атына "Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы" ММ қызметкерлері тарапынан "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін бұзу жағдайлары туралы жеке ұйғарым шығарылды.

2 миллион теңгеден басқа, денсаулық сақтау басқармасы өкілдік шығындар мен мемлекеттік салықты төлеуі тиіс. Сот актілері әлі заңды күшіне енген жоқ.

 

Sn.kz порталының басқа да маңызды жаңалықтарын InstagramTelеgramfacebooktwitter және vk секілді әлеуметтік желідегі парақшаларымыздан оқи аласыздар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары